Бекзат Алтынбеков: «Этикалық ереже қабылдау керек»

«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында қоғамдық әдепті сақтау мәселесіне тоқталды.

 

 

«Қазіргі жиын-тойлардағы бейәдеп сөз, анайы анекдот, ебедейсіз ойын, асабалардың мәдениетсіздігі белгілі бір ортақ қоғамдық деңгейде бақылауға алынуы қажет. Бұл мәселеге қоғамдық бақылау тетігін күшейтіп, арнайы этикалық ереже қабылдау керек. Өйткені жиын-той – тәрбиенің ең басты құралдарының бірі. Бұл – әлдебіреудің қызығына араласып, қазан-ошағы мен дастарқанын билеу емес, ұлттық құндылықтарды сақтаудың бірден бір жолы», – деді ол.