Құрметті жерлестер!
Сіздерді Наурыз мейрамының алғашқы бастауы, береке мен бірліктің жаршысы – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀
Бұл – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрінен сыр шертетін, жақсылық пен жарасымды ынтымаққа үндейтін ерекше мереке. Ағайын арасын жақындастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін бұл күн қазақы болмысымыздың, ұлттық құндылықтарымыздың айқын көрінісі.
⠀
Көрісу күні, яғни Амал мерекесі өткенге салауат айтып, жаңа күнге аман-есен жеткенімізге шүкіршілік ететін, бір-бірімізге ақ тілек арнайтын ерекше күн. Бұл мейрам тек қол алысып, төс қағыстырумен шектелмейді, ол – жүректердің табысуы, бауырмалдық пен сыйластықтың артуы.
⠀
Осы айтулы күні әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ұлыс оң, берекеміз баянды, ынтымағымыз берік болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.