Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ай – мейірімділік пен кешірімділіктің, сабырлық пен рухани тазалықтың үлгісі. Жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, жан-дүниемізді ізгілікке бөлеуге үндейтін ерекше уақыт.
Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген Рамазан айында әрбір ізгі амал мен игі ниет еселеніп, облысымыздың бірлігі мен берекесі арта түссін!
Отбасыларыңызға амандық, үйлеріңізге ырыс-береке, жүректеріңізге тыныштық пен қуаныш тілеймін!
Рамазан айы мейірім мен жақсылықтың жаршысы болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.