Қоғамның тірегі – адал еңбегімен елге үлгі болған еңбек адамы

Еңбек адамы – қоғамның негізін құрайтын, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосатын тұлға. Оның адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі мемлекетіміздің өркендеуіне және халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Еңбек адамының қажырлы еңбегі өндіріс саласынан бастап, ауыл шаруашылығы мен білім беру, денсаулық сақтау сияқты түрлі секторларда көрінеді.

Мұндай азаматтар – өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әр күні адал еңбек етіп жүрген қарапайым, бірақ аса маңызды тұлғалар. Олар еңбекқорлығы арқылы болашақ ұрпаққа үлгі көрсетіп, қоғамның берік әрі сенімді тірегі болып табылады. Газет бетінде еңбек адамы туралы мақалалар жариялау олардың еңбегін бағалаудың бір тәсілі ғана емес, сонымен бірге жастарға еңбекқорлықтың маңыздылығын насихаттауға да мүмкіндік береді.

Еңбекті құрметтеу, қарапайым еңбек адамдарының жетістіктерін көрсету – олардың қоғамдағы мәртебесін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтады.

Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.