Сыбайлас жемқорлықпен күрес — негізгі міндет

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат жəне қоғамдық бəсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей, біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отырғандығы сөзсіз. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-əрекеттер əр салада жүзеге асырылып келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сəйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар бірауыздан жүргізулері тиіс.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз емдеп алатындай науқас емес. Айналасындағы салауатты, таза жəне сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз əрекеттермен қоғамдық ортаның жəне мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кəсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі – негізінен халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін бірауыздан атсалысуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз жəне халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық əрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің əрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтан, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Алмаз ҚАЙЫРБЕК,
Ұлытау ауданы əкімінің орынбасары.