Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды
Алмат Саухимов 1985 жылы дүниеге келген.
Орталық-Азия университетін «Қаржы», Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқықтану» және Шымкент университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сәтбаев қаласындағы «Сәт Сәулет» ЖШС-нің абаттандыру шебері, директор орынбасарының м.а. болып бастаған.
2007-2022 жылдар аралығында салық және мемлекеттік кірістер жүйесінде жұмыс атқарды. Оның ішінде Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы, Қарағанды облысының Салық департаментінде басқарма басшысы, Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2022-2023 жылдары Жезқазған қаласы Кеңгір селосының әкімі болды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келді.