2021 жыл қысқа болады

Жердің айналуының жеделдеуіне байланысты 2021 жыл қысқа болады. Бұл туралы Бүкілресейлік физика-техникалық жəне радиотехникалық өлшеулер ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мəлімдеді.

«Егер Жердің айналуы осы үдеу қарқынымен жалғасатын болса, онда уақыт шкаласына секунд қосу қажет емес, алып тастау керек болады», – деді ғалымдар.

Зерттеушілер 2020 жылы бақылау тарихындағы жылжу жылдамдығымен ерекшеленген 28 күннің тіркелгенін анықтаған болатын. Бұл мәлімдеме өткен жылғы «19 шілде əдеттегіден 1,4 миллисекундқа қысқа болды» деген ақпараттан кейін жасалды.

Міне, осындай алдын ала болжам бойынша 2021 жыл 2020 жылдан да қысқа болады екен. Өздеріңіз байқасаңыздар, уақыт тез өтіп, айдан айға қалай жетіп қалғанымызды да білмей қалып жүрміз. Демек, ғалымдардың сөзінің жаны бар.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ