Экономикалық даму – ел еңсесін тіктеуге серпін бермек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттарына қатысты маңызды мәселелерді қамтыды.

Жолдаудағы негізгі тақырыптар мен реформалар еліміздің алдағы даму стратегиясын айқындап, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Саяси реформалары демократияны тереңдету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, және билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға бағытталған. Әкімшілік реформалар, сот жүйесін жетілдіру және саяси партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыру арқылы елдегі демократиялық процестерді жандандыру көзделді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі де ерекше орын алды.

Еркеназ БЕГАЕВА,
мұғалім.