Франция Қазақстанға АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Францияға сапары барысында белгілі болды.
Делегация француздардың атом саласындағы жетекші ұйымдарымен келіссөз өткізді. Соның ішінде EDF атом электр станцияларының операторы, АЭС жабдығын өндіретін Framatome, АЭС турбина жабдығын жеткізуші Arabelle Solutions басшылары бар.
Делегация өкілдері Радиациялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығын және атом электр станцияларының жабдығын шығаратын зауытты аралады.