ҚАНАТТАС ҚОС ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған және Сәтбаевтағы шағын жедел басқару орталықтарында болып, жұмыс барысын бақылады. Аталған орындарда қос қаланың қоғамдық тәртібі мен тазалығын, жол ережелерін сақтауды бақылауда ұстайтын бейнекамералар орталықтандырылған.

Жергілікті полиция басшылығы орталықтардың қызметімен қатар тиімділігін арттыру бойынша бірқатар мәселені жеткізді.

Аралау жұмыстарының нәтижесінде Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жедел басқару орталығының қызметі туралы кеңес өткізді. Жиында елдімекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және тұрғындардың габаритті емес қоқыстарды тастауы бойынша проблемалық мәселелер және құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту туралы сұрақтар қаралды.

Қос қала әкімдерінің қоғамдық орындардағы тазалыққа қатысты баяндамасын тыңдаған өңір басшысы қоқыстарды уақытылы шығару кестесін қайта қарап, бақылауды күшейтуді тапсырды.

Одан бөлек, өңір басшысы Полиция департаментіне учаскелік полиция қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі жұмысын күшейту қажеттігін айтты.