Экологиялық тазалық – сау ұрпақ кепілі

Өркениеттің артықшылығын пайдалану үшін адамзат өзінің денсаулығын тәуекелге қояды. Бүгінгі таңда экологиялық проблема біз үшін ең өзекті тақырып болып отыр. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары – ғаламдық міндеттер қатарында. Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде.

Жер ресурстарының жағдайы атмосфера мен судағы экологиялық жағдайға тікелей байланысты. Әдетте жер ресурстарының экологиялық жағдайын өндірістік қалдықтар, демалыс орындарының қоқысқа толуы және радиоактивті зала келу сынды жайттар ушықтырады. Қазақстанның жер ресурстарының ластану мәселесін қалай шешуге болады? Өзекті мәселені тек жер қыртысын қайта қалпына келтіру және сауықтыруды, заң бойынша тыйым салынған жерлерге қоқыс қалдықтарын тастаған заңды тұлғаларға айыппұл көлемін арттыруды көздейтін кешенді бағдарламалар ғана шеше алады. Ол үшін қоқысты утилизациялау және оны қай өңдеу шараларын қолға алған жөн. Яғни қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын салу – мәселені шешуді біршама жеңілдететін еді. Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында жетінші мәселе ретінде Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі деп көрсетілді. Бүгінгі күні экологиялық дағдарыс дүниежүзілік проблемаға айналды. Экологияны ластау ұлан-ғайыр мемлекетіміздің бай табиғатына кері әсерін тигізбек. Сол себепті мемлекет тарапынан болсын еліміздің әрбір азаматы болсын бұл мәселеге бей – жай қарамай қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіне білуіміз қажет және мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.

Мейрамкүл РАХМЕТОВА,

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.