АЭС: қоршаған ортаға зияны жоқ
АЭС салудың тағы бір дәлелі – экологиялық фактор. Бүгінгі таңда бұл біздің еліміз үшін өте маңызды, өйткені көмір мен табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциялары атмосфераға көмірқышқыл газын шығарады. Бұл парниктік әсері күшейіп, жер атмосферасының қызуына, климаттық өзгерістерге әкеледі.
Біз қазірдің өзінде бұл әсерлерді сезінудеміз: ауа райының өзгеруі, әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі және басқа да құбылыстар орын алуда. Атом электр станцияларында көмірқышқыл газ шығарындылары өте аз. АЭС өндірген энергия көлемімен салыстырғанда, атмосфераға басқа энергия көздерінен бөлінетін парниктік газдар аз болып табылады. АЭС еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өтеқажет деп санаймын. Мемлекетіміз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенін ескерсек, АЭС салу өте оңтайлы шешімдердің бірі деп есептеймін. Сонымен қатар бұл мәселені жалпыхалықтық талқылауға салып, референдум аясында анықтау еліміздің әрбір азаматы мемлекет саясатына араласып, өз еркін білдіру мүмкіндігіне ие екендігін көрсетеді.
Президентіміз қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады, Қазақстанға сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет сонымен қатар атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек дейді. Қазіргі таңда дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұрғанын және оның мемлекет экономикасына оң әсерін ескеретін болсақ, елімізде атом электр станциясын салу құптарлық шешім болар деп есептеймін.Тоқаев болашақты ойлауымыз керек деп, атом электр станциясын салуға байланысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет екенін ұдайы айтып келе жатқанын мәлімдеді. Ол стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деді.
Болашақта электр жарығынвң тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, ел болып қолдап, белді бекем буып қолдауымыз керек. АЭС салынса адамзаттың денсаулығы да қамтылады деген сөздің жаны бар. Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы екенін ұмытпайық ағайын. Көмір мен газ түтінін азайтуға өз үлесімізді қосып қолдау танытайық.
Д.Мышанова,
“N4 ЖББМ” КММ география пәнінің мұғалімі.