Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталғанын, бұл оқиға 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шыққан мерзімді әскери қызметшілердің үйге оралуы кезінде орын алғанын нақтылайды.
Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.