ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Жаңаарқа аудандық медицина мекемесінде тұңғыш заманауи әдісті операция — аппендицитпен түскен азаматқа сәтті өткен. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты.

Дәрігер — жоғары санатты хирург Ибрагим Сайлаубайұлы. Хирургтер бұл мүмкіндікке медицина мекемесінде биыл орнатылған аз инвазивті эндоскопиялық араласуларға арналған жүйе арқасында ие болып отыр.

Осындай заманауи, жоғары деңгейдегі жабдықты пайдалана отырып, хирургиялық операцияны орындау — облыстағы денсаулық сақтау саласы үшін үлкен жетістік және тарихи оқиға.

Айта кетейік, Жаңаарқа ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы еліміздегі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қайта жаңғыртылып, қолдануға осы жылдың басында берілген болатын.