Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды
Қазақ елі дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайынан қарсы алды.
Оларды отбасы мен қалың жанкүйерлер нөпірі, БАҚ өкілдері Алматы әуежайында күтіп алды.
60 келі мен 66 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған дзюдошылар қолдау білдіріп, сенім артқан Қазақстан халқына алғыс білдірді.
«Алматы әуежайындағы атмосфера тамаша. Қазақ еліне рақмет. Алтын алам деп барғанмын. Бұйырғаны қола болды. Бар күш-жігерімді салдым. Бірақ қола алдым. Бәрі керемет болды», – деді Ғұсман Қырғызбаев.