ЖАҢА ҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ: БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТТАРЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Ұлытау ауданының Жезді кентінде жаңадан салынып жатқан үш үйдің аумағын абаттандыру барысында суағарлар салу жұмыстары қарастырылған. Олар құрылыс аяқталған соң жаңбыр және өзге де судың ағып кетуіне жол ашады.

Қазіргі таңда үйлердің қабырғасы көтеріліп, шатырлау, есік-терезе салу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, су тасқыны салдарынан апатты деп танылған үйлердің орнына салынып жатқан баспана құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал тұрғын үйлерді салуға жер учаскесінің ситуациялық сызбасы жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып Жезді кенті әкімдігі тарапынан ұсынылған.

Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі.