Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«2023 жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылмен салыстырғанда 45% өсті. 30 жылда алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы тағайындалды. Былтыр мемлекеттік қолдаумен түсірілген 18 фильмнің өндірісі аяқталып, 19 жаңа киножоба жасалды.

«Сіздердің еңбегіңіз бен шығармашылықтарыңыз біздің мәдениетімізді байытып қана қоймай, әлемге қазақстандық дәстүрлердің, өнер мен тарихтың байлығын паш етеді. Өздеріңізді өнер мен шығармашылық арқылы елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты жалғап отырған алтын көпір әрі нағыз мәдениет елшілері деп білеміз»,- деді министр.

Елімізде 8 мыңға жуық мәдениет ошағы бар, онда 64 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.