Алаяқтықтың жаңа түрі тарала бастады  

Соңғы уақытта өтемақы алуға үміттенген азаматтарға мемлекеттік органның атынан алаяқтар хабарласып жүр.

Олар адамның су тасқынынан зардап шеккендер тізімінде екенін растайтын SMS код жазып жіберуді сұрайды.

Ал осы код арқылы алаяқтар адамдардың атына несие рәсімдеуі мүмкін.

ІІМ алаяқтардан сақ болуды ескертеді.