Сыбайлас жемқорлық – ар алдындағы қылмыс
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мəселесі болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын əлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда, «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс — əрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын жəне демократиялық мемлекеттің саяси жəне қоғамдық институттарына кері əсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлықпен пəрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырып, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптасуы керектігінің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруда мектеп оқушыларымен жұмыс істеп, бала кезінен қазақстандық патриотизм жəне сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тəрбиелеп өсіру керек.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-əрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тəртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке жəне оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер əкелетіндігі күмəнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Əділдік пен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би жəне тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірін біз тарихтан жақсы білеміз. Шешендер даулы мəселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен əрі халықтың көкейіндегісін айтқан əділет жаршысы болған. Сондықтан да халық «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», деп мақалдап кеткен. Қазіргі таңда, сот жүйесінің беделі судьялардың əділ төрелігімен өлшенеді.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тəуелсіздігімізді алып, шаршы əлемге танылғанымызға ширек ғасырдан аса уақыт өтті. Президентіміздің көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен əлеуметтік жағдайы түзеліп, əлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл əлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған əртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды.
Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,
Ұлытау аудандық сот əкімшісінің басшысы.