Ауылдағы бауырларға алғысым шексіз – Аманжол Әлтай

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай Қадір түні тікелей эфирінде су тасқыны болған өңірлерге көмектескен азаматтарға алғысын айтты.

«Ауылдағы бауырларымызға алғыс айтамын. Күн демей, түн демей, бір адамдай жұмылып қауіпті сейілтуге күш салды. Қолдарынан күрегі түскен жоқ. Ентелеп келген суды қайыруға жәрдем көрсетті. Қасиетті мекендегі барша ауыл жігіттеріне, ауыл халқына алғысым шексіз», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.