Биыл әскери шеру өтпейді – Қорғаныс министрлігі

«2024 жылы Қазақстанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған әскери шеруді өткізу жоспарланбаған», – делінген хабарламада.

Айта кетері, елімізде әскери шеру соңғы рет 2018 жылы өткен болатын.

Мемлекет басшысы 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кеңінен атап өтуді тапсырды.