Мерекеге тарту – 20 мың теңге

Биылғы Аналар мейрамы Ұлытау облысында ерекше басталды. Алтын құрсақ аналар мереке қарсаңында ақшалы болып жатыр. Ол үшін қазынадан 165 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Нақтырақ айтар болсақ, биыл 8 Наурыз мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрын «Батыр ана» атағын алған жəне төрт одан да көп балалары бар аналарға 20 мың теңгеден бір реттік əлеуметтік төлем берілді. Облыс бойынша мұндай алтын құрсақты аналар – 8247 (Жезқазған-2666, Сəтбаев-2200, Қаражал-705, Жаңаарқа-2034, Ұлытау-642) екен. «Аталған бір реттік төлем мереке қарсаңында əлеуметтік төлем жеке есепшоттары арқылы жіберілді», – дейді сала мамандары.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.