Тасқын суға тосқауыл әзір
Ұлытау облысында 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайды болдырмау мақсатында барлық көпір, су өткізгіш құбырлар мен құрылыстары қардан тазартылуда. Қазіргі таңда облыс аумағынан және елдімекендерден 272 мың м3 қар шығарылды.
Сондай-ақ төтенше жағдайларды жою мақсатында облыстың азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдары 14 бірлік техника және 17 жүзу құралы, оның ішінде, өтімділігі жоғары ТРЭКОЛ, Нива Марш техникалары, КУНГ, 2 дана Вахтовка базасындағы жылыту пункттері, 11-дана тасымалданатын сорғылар дайындалуда.
Одан бөлек, 4 дана шатыр (палатка), 388 төсек, жабдығы әзірленген. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күш-құралдары 149 жеке құрам, 66 бірлік техника, 31 дана тасымалданатын сорғылар әзірлікке келтірілді.
Тиісті облыстық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қорын дайындады. Атап айтар болсақ:
— 53,576 тонна жанар-жағар май;
— 62,1 тонна азық-түлік;
— 2303 тонна инертті материал;
— 4800 дана қап дайындалды.