Абаттандыруға – айрықша назар
Биыл Ұлытау облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру үшін 6 млрд.теңге қарастырылған. Сондай-ақ аталған жұмыстарды жүргізу мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қосымша 5 миллиардтан астам қаражат көзделіп отыр. Бұл жайында бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппарат жиынында айтылды.
Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмаз Жандарбековтің баяндауынша биыл бюджет қаражаты есебінен 5, «Қазақмыс» корпорациясымен Меморандум аясында тағы 5 жобаны іске асыру жоспарланған.
Атап айтар болсақ:
• 73 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтеді. Оның 41-і Жезқазған, 25-і Сәтбаев, 5-і Қаражал қалаларында болса, қалған 2-еуі Жаңаарқа ауданында;
• Сондай-ақ 32 тұрғын үйдің шатырын да күрделі жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Оның 25-і Сәтбаев, 5-еуі Қаражал қаласында, 2-еуі Жаңаарқа ауданында;
• 71 балалар ойын алаңы орнатылады. Оның 31-і Жезқазған, 25-і Сәтбаев қалаларында, 11-і Жаңаарқа, 4-еуі Ұлытау аудандарында;
• 31 спорт алаңы орнатылады. Оның 18-і Жезқазған, 10-ы Сәтбаевта, 2-еуі Қаражалда, 1-еуі Жаңаарқа ауданында;
• 26 жаттығу кешені орнатылады. Оның 25-і Сәтбаевта, 1-еуі Жаңаарқада;
• Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жоба – 2024-2026 жылдарды қамтиды;
• Сәтбаев қаласындағы Кеншілер даңқы алаңына қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңін биыл қазанда аяқтау көзделген;
• Ұлытау селосында «Тасбұлақ» бұлақ аумағы абаттандырылады;
• Жезқазғандағы «Металлургтер алаңында» былтыр басталған қайта құру жұмыстары мамырдың соңында аяқталады;
• 2 саябақ пен 3 сквер абаттандырылады.
Сондай-ақ Жезқазғанда мердігер ұйым жосықсыздығы салдарынан былтыр жүзеге асырылмаған 19 ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталады.