Қарағанды облысына «Dombyra» телеарнасының түсірілім тобы келді
Қарағанды облысына «Ұлы Дала әуендері» жобасымен «Dombyra» телеарнасының түсірілім тобы келді. Шығармашылық ұжым жыр, жырау, терме, дастан, күй сияқты халық және дәстүрлі әншілердің жазбаларына қызығушылық танытты. Экспедиция операторлар мен арна басшысы Сарыарқаның екі қаласы мен бес ауданын аралайды. Түсірілім Қарағандыда басталып, Шет, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалғасып, Жезқазған қаласында түйінделеді.
— Dombyra телеарнасы 2019 жылдың наурыз айында іске қосылды. Біздің мақсатымыз – ұлттық өнерімізді келер ұрпаққа жеткізу, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айту. Әр өңірде әндерді орындау әр түрлі. Сондықтан өткен жылдан бастап біз Қазақстан бойынша экспедицияларға шыға бастадық. Түсірілім барлық облыстарда жүргізілді. Қарағанды облысынан Павлодар өңіріне барамыз. Бұл экспедицияның соңғы кезеңі болады, — деді «Dombyra» телеарнасының директоры Қанат Ержігітов.
Арна басшылығы мұндай сапарларды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Тек орындаушылар туралы ғана емес, сонымен қатар әндердің шығу тарихы туралы да айтылмақ. Осы немесе басқа әуеннің шыққан жері көрсетіледі.
Қарағанды облысының орындаушыларына арналған бағдарлама қараша айының соңында эфирге шығады. «Dombyra» телеарнасын тарату Қазақстанның кабельдік желісінде, сондай-ақ Instagram (https://www.instagram.com/dombyra.tv/) және YouTube желілерінде (https://www.youtube.com/c/DombyraTV/) жүзеге асырылады.
Экспедиция кестесі:
3 қараша — Қарағанды қаласы;
4 қараша — Шет ауданы;
5 қараша — Ақтоғай ауданы;
6 қараша – Бұқар жырау ауданы;
7 қараша – Қарқаралы ауданы;
8 қараша – Жаңаарқа ауданы;
9 қараша – Жезқазған қаласы.
Түсірілім тобы орындаушыларды жобаға қатысуға шақырады. Байланыс телефондары: (8727) 305-04-69, 8-707-707-70-71.