Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы 9 айдағы аудиторлық қызметі

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі — Департамент) а.ж. 9 айында 31 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 7 аудиторлық іс-шара бекітілген тізбеге сәйкес, 24 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 040 млн. теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 1 млрд. 877 млн. тенге сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар немесе 92% және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар 163,7 млн. теңге немесе белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасынан 8% анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан – 1 млрд. 499 млн. теңге (мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар сомасынан басқа, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 93,9%-ы), оның ішінде 1 млрд. 408 млн. теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 94,5%-ы) қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге, сондай-ақ бюджетке өтеуге – 91,8 млн. теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 6,1%) жатады.
Есепті кезеңде қабылданған ден қою шараларымен Департамент 1 млрд. 438 млн. теңге немесе 99,4% қалпына келтірді және бюджетке өтелді, оның ішінде 1 млрд. 399 млн. теңге (немесе қалпына келтіруге және көрсетуге жататындардың 98,8%) есепке алу бойынша қалпына келтірілді және көрсетілді, 39,1 млн. теңге (немесе өтеуге жататындардың 42,6%) мөлшерінде негізсіз пайдаланылған қаражат бюджетке өтелді.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы жолданылған нұсқамалар негізінде, мемлекеттік аудит объектілерінің 29 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы әртүрлі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудит объектілерінің жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 112 хаттама жасалды, онда салынған айыппұлдың жалпы сомасы 10,4 млн.теңгені құрады, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндіріп алынды.