Ел мұратын еңсерген сындарлы сәт

5 қараша – Ұлытау ауданы халқы үшін тарихи маңызды күн. Алғаш рет пилоттық режимде өткізіліп отырған аудан әкімінің сайлау науқанына мен де қатыстым. Сайлау құқығымды пайдалана отырып, өз дауысымды бердім.

Негізінде, мен Арқалық қаласының тумасымын. Биылғы жылы «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы арқылы №9 Терісаққан орта мектебіне мұғалім болып келген едім. Қазір аталған білім ордасында химия-биология пәнінен сабақ беремін. Осындай саяси науқанға қатысу әр азаматтың өзін-өзі құрметтеу ғана емес, ауданның болашағы үшін өз жауапкершілігін көрсету деп білемін. Сол себепті өз ықтиярыммен Терісаққан ауылындағы №722 сайлау учаскесіне барып, таңдаған үміткеріме лайықты түрде өз таңдауымды жасадым.

Жасұлан Ақжігітов,
№9 Терісаққан жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі.