Заңсыз ағаш кескендер жауапқа тартылады
Елімізде соңғы жылдары орман шаруашылығы мəселесі өзекті болып тұр. Былтыр болған тілсіз жау онсызда орман аумағына, елімізге айтарлықтай зиянын тигізіп кетті. От жағу маусымының басталуымен бірге заңсыз ағаш кесу мəселесі де өршіп тұр.
Бұл проблеманың əсіресе жыл соңы жақындап, күн салқындап, тұрғындарда отын тапшылығы мəселесі туындап заңсыз ағаш кесу фактілері анықталып жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (əрі қарай ұлттық парк) қызметкерлері ескертеді. Заңсыз түрде ағаш кескен жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы бойынша жауапқа тартылатының ескертеміз. Ол дегеніміз – «Үй маңындағы, саяжай мен бау – бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, айтарлықтай залал келтіре отырып, орман дақылдарын сондай-ақ ормандарды толықтыру мен орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау мүлікті тəркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қамауға алу.
Осыған орай орман қорына заңсыз зиян келтірмеу мақсатында ұлттық парктың арнайы есепшотына АҚ «Ұлытау» облыстық филиалының №4 қызмет көрсету орталығы арқылы төмендегі көрсетілген көлемде кеспе ағаштарды төлем жасау арқылы ала аласыздар.
1. Кесілген дайын ағаш – 25000 теңге ұлттық парк қызметкерлерінің əкеліп беру қызметі.
2. Ұзын ағаш – 15000 теңге тұтынушы өз күшімен əкелетін болса.
3. Зейнеткерлер мен арнайы көмекке зəру жандарға – 10000 теңге яғни өз күшімен әкелінетін болса.
Баубек БОЛАТҰЛЫ,
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ Табиғи кешендер мен объектілерді молықтыру жəне табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы.