Ұлытау облысының тұрғыны «Мемлекеттік тіл — Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 25 тамызда Петропавл қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау өткізілді.

Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс аймақтарынан мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын, 18-35 жас аралығындағы 20 этнос өкілдері қатысты.

Байқауда Ұлытау облысының намысын қорғаған Ентальцев Максим Александрович жүлделі екінші орынды иеленді.