Робототехника кабинеті ашылды

Оқушыларға сапалы білім беру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасы да соған сəйкес болуы керек. Бұл орайда бүгінде оқу орындарын заманауи кабинеттермен жабдықтау бірінші орынға қойылған.

Міне, осындай жұмыс Ұлытау ауданында да жүйелі түрде қолға алынуда. Қазір аудан мектептері жаңа үлгіде жабдықталған кабинеттермен толығуда. Сондай кабинет жуырда Байқоңыр ауылындағы №17 орта білім беретін мектебінде де ашылды. Аталмыш білім ордасында облыстық бюджет есебінен жаңа үлгідегі робототехника кабинеті орнатылды.

Осылайша, мектеп оқушылардың сапалы білім алуына қажетті материалдық базамен толықтырылып отыр. Аталған мектеп оқушылары осыған дейін де робототехника бойынша облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарды бағындырып жүрсе, енді олар жаңа құралдармен жұмыс жасайтын болады.

БАЙҚОҢЫР ауылы.