Тұрғындар өз ауласын тазартты

«Ауылына қарап, азаматын таны» дейтін тəмсіл бар ел ішінде. Біздің жағдайға келтіріп айтар болсақ, ауласына қарап, тұрғындарын таны десе болатындай. Өйткені ауланың тазалығы сол жерде тұратын тұрғындардың мəдениетіне де байланысты.

Ұлытау селосының Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары атқарған мына жұмыс осыған дəлел. Олар өздері тұрып жатқан үйдің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұған аталған тұрғын үйдің тұрғыны, көп балалы ана Мөлдір Жаппасова ұйытқы болып, белсенділік танытты. Нəтижесінде, көпшілік болып жасалған сенбілікте тұрмыстық қатты қалдықтар сыртқа шығарылды.

Осындай тазалық жұмыстарын бұған дейін де аудан орталығындағы Тайжан көшесінің көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары өткізген болатын. Міне, сол жақсы бастама Жамбыл көшесінде жалғасып, тазалық жұмыстары талапқа сай жүргізіліп отыр.

Бұл бағыттағы іс-əрекеттер басқа да көшелерде жалғасын табатынына кəміл сенеміз.

Аймақ тынысымен таныстырған Ізбасар ОЙБАС.