АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ – ӨЗЕКТІ

Халыққа берілетін ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында Жезқазғанда қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Биыл реагентті шаруашылықпен суды тазарту станциясының, технологиялық сорғы станциясының құрылысы, кварц сүзгілерінің түбін бөлшектеу және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 3-ші кезек бойынша 3 резервуарды және 2-ші көтеру сорғы станциясының ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаларды іске асыру қала тұрғындарын сумен жабдықтау сапасын жақсартуға әкеледі.