«Ұлытау-Арқалық» бағыты: облыс әкімі жұмыс барысын қадағалады

Өңір басшысы Ұлытау ауданына жұмыс сапарын жасады. Берік Әбдіғалиұлы «Ұлытау-Арқалық» бағытындағы автомобиль жолында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдың 7 шақырымы қайта қаптау (ресайклирование) жұмыстары аяқталды, автогудронатормен битум қоспасы құйылды, 10 шақырым ірі түйіршікті асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілді.

Берік Әбдіғалиұлына мердігер ұйым өкілі биыл қолға алынған 20 шақырым жолдың 11 шақырымына бір қабатты асфальт жабыны төселіп қолданысқа берілетінін, екінші қабатын төсеу мен қалған 9 шақырымның жұмыстары келесі жылы аяқталатынын жеткізді.