ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ – ЖАҢА РЕФОРМАЛАРМЕН

Бүгінгі күні елімізде Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен қайта жаңғырған Конституциялық сот институты əрекет етуде. Əлемнің көптеген дамыған мемлекеттерде қалыптасқан бұл институттың біздің елімізде де құрылуы, мемлекетімізде адам
жəне оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына баса назар аударылып келе жатқандығын
көрсетеді. Ендігі кезекте халық конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында Конституциялық
сотқа жүгіну мүмкіндігін иеленді. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда елімізде əрекет еткен конституциялық сот институциясының президент реформасына сəйкес қайтадан құрылуы оң өзгерістердің бірі болды.

Президент реформалары – еліміздің саяси жүйесіне үлкен өзгерістер алып келді. Жаңа саяси реформалардың
тұжырымдамалық негіздерінің бірі — Суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты Президенттік республика тəсіліне түбегейлі өту; «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іс жүзінде орындау; «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын
дамыту. Бұл аталған Президент
реформаларынан демократияның айқын көрінісі байқалады.
Президент реформаларының нəтижесінде Үкіметтің халық алдындағы жауапкершілігі артуда. Сот жəне құқық қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы
бұл реформалар – еліміздегі барша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бүгінгі таңда реформалардың нəтижесінде мемлекетімізде халық үніне
құлақ асатын билікті қалыптастыруға мүмкіндік туындауда.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет атты президент тұжырымдамасы бұқара тарапынан қолдау тауып отыр. Биліктің басты қайнар көзі – халық екендігін
ескерсек, халық пен шенеуліктердің өзара жақын байланыста болғандығы қашанда абзал. Түрлі мəселелермен алдына
келген халықтың мəселесін шешіп беру – билік басындағылардың маңызды қызметтерінің бірі болуы керек. Елімізде Президент бастамасымен орын алған саяси жаңғырулардың бірі — Президенттің – саяси партияға мүше болудан бас тартуы.
Бұл туралы Мемлекет басшысы 2022 жылдың 16 наурызындағы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында айтқан болатын. Бүгінгі күні ел Президенті ешбір саяси партияның
мүшесі болып табылмайды. Бұл өтіп кеткен сайлау науқанында қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілмегендігін, сонымен қатар барлық партиялар сайлауға бірдей деңгейде
қатысқандығын көрсетті.
Мемлекет басшысының саяси реформалары бүгінгі күнде жүйелі түрде іске асуда. Реформалар негізгі саяси институттардың барлығын қамтиды, соның ішінде Сот жəне құқық қорғау
жүйесін жетілдіру саласындағы
реформалар: Конституциялық кеңестің Конституциялық сот болып өзгеруі, Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің мəртебесі
мен қызметін Конституцияда жеке бап ретінде регламенттелуі, Адам құқықтары жөніндегі уəкілге Конституциялық Сотқа
жүгіну құқығының берілуі, Прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уəкіл туралы заңдарға Конституциялық заңдар мəртебесін беру; Жоғары Сот Кеңесі
отырыстарын онлайн өткізу, Жоғары Сот Кеңесінің конкурс қорытындысы бойынша түсініктемелерін жариялау, Алқабилер сотының қатысуымен өтетін
істердің санатын кеңейту, Бас прокуратураға азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу, Конституциядан өлім жазасын жазалау түрі ретінде алып тастау. Сот жəне құқық
қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы бұл реформалар – еліміздегі барша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Құрмет ТІЛЕУЛИНОВ,
«Ұлытау ауданы ауылшаруашылық бөлімі» ММ бас маманы.