ТАМЫЗДА ТАҚТАЙДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРЕМІЗ

Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай – Сәтбаев автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Райс KZ» ЖШС-мен Ұлытау – Бозтұмсық – Малшыбай-Сәтбаев 40-55 шқ (15 шқ) автомобиль жолын жөндеуге 925 млн теңге сомасына келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Қайта қаптау әдісімен (ресайклирования) қалыңдығы 7 см суық асфальтбетон қоспасынан жасалған асфальт жабынын төсеу және жол жиектерін нығайту жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес 30 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда.

Қазіргі таңда мердігер ұйым 8 шқ автомобиль жолын қайта қаптау әдісімен (ресайклирование) жөндеу жұмыстарын аяқтады, автогудронатормен битум қоспасы құйылды, 1,3 шқ қалыңдығы 7 см суық асфальтбетон қоспасынан жасалған асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарлануда.