ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Ұлытау облысын құру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі жұрттың көңілінен шыққан, көптен күткен және бәріміз қуана қарсы алған әділетті шешім болды. Себебі Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары. Әрине, экономика бірінші кезекте, бұл жер асты байлығына, соның ішінде «Қазақмыстың» жұмысына байланыс­ты.

Облыстың құрылғанының өзі Президенттің бұл өңірді да­мы­туға басты назар аударып отырғанын және осы арқылы сол ал­пауыт компанияның да беталысын облыстағы экономикалық-әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге бұру қажеттігін түсінгендіктен деп ой­лай­мын. Президент алғашқы сапарында-ақ нақты тапсырмалар бе­ріп, жұмыс бағытын көрсетті. Дегенмен оны әрі қарай алып жү­руде облыстың, аудан, қалалардың басшылары бар әлеуетті то­лы­ғырақ пайдаланып, әсіресе «Қазақмысты» тартуда белсендірек қи­мыл­дауы керек деп есептеймін.

Экономиканың басқа салаларында да қордаланған мәселелер бар. Мысалы, Жезқазған – Қызылорда жолының Қызылорда жағы ер­­терек басталып, қызу жұмыс жүріп жатыр, ал Жезқазған жа­ғында әлі қозғалыс жоқ. Мұны тиісті министр­лікпен тезірек ше­ш­­песе болмайды. Бұл жол кейін Жезқазған – Арқалық жолына ұла­суы керек.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Жезқазғанда арнайы жо­­ғ­ары оқу орнын ашу туралы шешімі өте маңызды. Жалпы ай­мақ­тың адами да, табиғи да әлеуеті бар. Соны кешенді пайдала­ну­ та­банды жұмысты қажет етеді.

Аймақтың тұрақты дамуына негіз қалаған Президенттің ха­лық қолдаған шешімін пайдалана отырып, алға қойылған мін­дет­тер­ді жүзеге асыру – облыстағы азаматтарға сын. Осы істе мен оларға табыс тілеймін.

Әлихан БАЙМЕНОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері.

https://egemen.kz/article/343833-ultty-uyystyrghan-ulytau