Мерекелерге дайындық мəселесі қаралды

Аудан əкімдігінде аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен кіші аппарат отырысы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, онлайн режимде кент, ауыл əкімдері қатысты.

Күн тəртібіндегі басты мəселе — 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мемлекеттік мерекелеріне орай аудан бойынша өткізілетін іс-шаралардың жоспарлары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов баяндады. Бұл мəселеге қатысты ауданның дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Марат Оразалин, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мүсілім Құдайқұлов ақпарат берді.

Күн тəртібіндегі мəселелерге байланысты Аманжол Батырбекұлы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні өткен іс-шараға тоқталып, алдағы 7-9 мамыр аралығында ұйымдастырылатын мерекелік шараларды жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өткізуге шақырды. Мерекеге қатысты кент, ауыл əкімдерінен өткізілетін іс-шаралардың жоспарын сұрап, тапсырмасын берді. Сондай-ақ, аудан басшысы күн тəртібіндегі мəселеден бөлек, əртүрлі мəселелер төңірегінде тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.