Ұлытау облысында 23 адам құтқарылды
2023 жылы 8 қаңтарда Ұлытау ауданында 23 жолаушысы (оның ішінде 5 бала) бар автобус Жезқазған- Ұлытау тас жолында тұрып қалды.
Жезқазған қаласынан шыққан көлік ауа-райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына байланысты межелі жерге жете алмады (тазалағыштардың сынуы).
Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыларды эвакуациялап, Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахталық) берілді.
Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет емес.