Туристік бағыттарға енгізілген жаңа өзгеріс
2026 жылғы жазғы туристік маусымға орай, Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында танымал екі бағыт – «Әулиетау» және «Едіге тау» туристік маршруттарының ресми түрде ашылғаны хабарланады.

«Әулиетау» бағыты – рухани маңызы зор, табиғаты көркем аймақ арқылы өтсе, «Едіге тау» маршруты тарихи аңыздармен байланысты және белсенді демалысты қалайтын туристерге арналған орын. Сондықтан, туристерге табиғатты қорғау ережелерін сақтап, белгіленген соқпақтармен жүру ұсынылады. Осы бағытта Ұлытау өңірінің көркем табиғатын тамашалап, тарихи орындармен танысқысы келетін барлық қонақтарды жазғы туристік маусымға шақырамыз!
Тәулігіне бір адамға шаққанда жеке тұлғалар үшін туристік маршрутқа кіру құны — 648,75 теңге, көлік тұрақтарын ұсыну — 432,5 теңге.
Ал, экскурсия жүргізушісі, жолсерік қызметтері — 821,75 теңге, жеңіл көлікпен кіргені үшін — 1730 теңге төлейді.
Бұдан бөлек, 16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктері кіргені үшін — 8650 теңге, 32 орынға дейін автобустар кіргені үшін — 17 300 теңге, 32 ден аса орын бар автобустар кірген үшін — 25 950 теңгені құрайды.
Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
