Жастар нашақорлыққа қарсы
Жақында Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Баянғалы Рахимов аудандық полиция бөлімінде №1 Ұлытау тірек мектебінің 10 сынып оқушыларымен «Біз есірткіге қарсымыз, есірткіге жол жоқ!» тақырыбында ашық əңгіме өткізді.
Мақсатты басқосуға Ұлытау ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрдəулет Күнділдə жəне жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Оқушылармен жүздесу барысында Ұлытау ауданы прокуратурасының прокуроры Нұрдəулет Жаңабайұлы бүгінде нашақорлықтың таралуы жəне оның заңсыз айналысы біздің елімізде де қауіпті сипатқа ие болып тұрғандығын жеткізді. Алдымен, қазіргі заманның індетіне айналған осы құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіріп тұрғанына тоқталды. Оған тек құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен бірге барша жұртшылық, əсіресе жастардың да белсене күресуінің қажеттілігін айтып өтті. Сонымен қатар, есірткі құрамында синтетикалық текті химиялық заттар бар екендігін түсіндірді. Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып немесе сақтап – сатып таратушыларға да жаза ауыр екендігін ескертті.
Ал, Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Баянғалы Төлеуғалиұлы есірткі адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті екендігін айта келе, оның құрығына іліккендердің құтылуы өте қиын болатындығын баса айтты. Есірткі сатып , өткізу адам денсаулығына қасақана зиян келтіретін құқық бұзушылық болып есептелетінін жеткізді. Ондай жағдайда, есірткі заттарын тұтынушы ғана емес, есірткі заттарын тасымалдаушы, сақтап, сатушыларда жауапқа тартылатындығын айтты. Сөз соңында Баянғалы Төлеуғалиұлы жастарды есірткісіз өмір сүруге, өз өмірі мен денсаулығын сақтауға шақырды. Бұдан кейін жиында жұмыстың сұрақ – жауап тəсілімен өрбуіне де барынша мүмкіндік берілді. Өз кезегінде полиция подполковнигі Баянғалы Рахимов журналистер тарапынан туындаған сауалдарға да орнықты əрі тұщымды жауаптар қайтарды. келтіретін құқық бұзушылық болып есептелетінін жеткізді. Ондай жағдайда, есірткі заттарын тұтынушы ғана емес, есірткі заттарын тасымалдаушы, сақтап, сатушыларда жауапқа тартылатындығын айтты. Сөз соңында Баянғалы Төлеуғалиұлы жастарды есірткісіз өмір сүруге, өз өмірі мен денсаулығын сақтауға шақырды.
Бұдан кейін жиында жұмыстың сұрақ – жауап тəсілімен өрбуіне де барынша мүмкіндік берілді. Өз кезегінде полиция подполковнигі Баянғалы Рахимов журналистер тарапынан туындаған сауалдарға да орнықты əрі тұщымды жауаптар қайтарды.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.