Әкімдер әскери дайындықтан өтті
Әскери жиын «Сарышаған» полигонында ұйымдастырылды. Оған Қарағанды және Ұлытау облыстарынан келген 27 әкім мен олардың орынбасарлары қатысты.
Олар Калашников автоматы мен Макаров тапаншасынан оқ атып, өзара жарысты.
Калашников автоматынан оқ атуда Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков, ал Макаров тапаншасынан Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали үздік атанды.