Аудан әкімі мерейтой иесін құттықтады

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков «Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Жанат Мұханбетованы қабылдап, 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Қабылдауда аудан басшысы мерейтой иесінің кітапхана саласындағы өлшеусіз еңбегін жоғары бағалап, абыройлы еңбектің арқасында бүгінгі жастарға үлгі екенін атап өтті.

Жанат Кәрімқызы кітапхана саласында 40 жылға жуық өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарған тәжірибелі, жауапты маман. Еңбекқор ұйымдастырушы, өзінен кейінгі жастарға бағыт-бағдар көрсетуші аға буын өкілі.

Басқосуда әріптестері де жүрекжарды тілектерін жеткізіп, мерейтой иесінің еңбегіне табыс тіледі.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.