Журналистің құқығын шектеуге жол берілмейді – Аида Балаева
«Министрлік әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және объективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайды. Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты. БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады»,- деді Аида Балаева.
Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.