ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ҮШ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Баспаналар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға берілді. Шаңырақтардың әрқайсысының аумағы 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары мамырда басталған болатын.
Үйлердің кілтін табыстау салтанатына Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов қатысып, шаңырақ иелерін құттықтады.
Айта кетейік, көктемгі су тасқынында Ұлытау облысындағы 5 баспана апатты деп танылған болатын. Екі отбасы маусым айында Жаңаарқа ауданында жаңа үйге қол жеткізсе, үшеуі Ұлытау ауданында бүгін табысталып отыр.
Одан бөлек, тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлер иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмекақы, техникалық сараптамаға сәйкес 2-14 миллион теңге аралығындағы көлемде өтемақы қаражаты төленген болатын.