ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ
Ұлытау облысының орталығындағы Металлург стадионында футбол ойыны өтті. Аяқ доп жарысында «Ulytau» ФК мен астаналық «SD FAMILY» бәсекеге түсті.
Ойын басталмас бұрын өңір басшысы Дастан Рыспеков жергілікті команда мүшелерімен жүздесіп, сәттілік тіледі.
Нәтижесінде ұлытаулық ойыншылардың дайындығы басым түсіп, 4:0 есебімен кезекті жеңіске қол жеткізді. Осылайша жерлестеріміз ҚР Премьер-лигасына жолдама алды.
Төрт голдың да авторы: Шыңғыс Флюк.
Облыс әкімі өз кезегінде мақтаныштарымызды құттықтады.