Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2021 жылы жыл қорытындысы бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен 20 — жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақ, ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысы, бөлім басшылары, бас маман заңгер, Ұлытау аудандық прокуратурасы прокуроры және тағы басқа да мамандардың қатысуымен 4 дөңгелек үстел, 4 семинар кеңес, ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық.
инспекциясы қызметкерлерімен 9 жеке семинар әңгімелесу, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұлғаларды ақпараттандыру үшін жергілікті «Ұлытау» газетіне, ulytaunews.kz сайтына жыл басынан 4 мақала жарияланды, Ұлытау ауданы әкімі аппаратында «AntikorLive» жобасы аясында тікелей эфирде 1 — баяндама жасалынып, ulytau_ inspekciya инстаграмм парақшасында жыл басынан 6 басылым жарияланды.
Аумақтық инспекциясы басшысының азаматтарды қабылдауды күн сайын 16.00-ден 17.00- ге дейін жүргізіледі. Аумақтық инспекциясы басшысының жеке табысы, мүлкі және мекеменің сенім телефоны «Ұлытау» және «Заман» бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде стенд орнатылып, тиісті ақпараттық кеңес алуға мүмкіндік жасалынған.
ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы.