Жастарды жарылқайтын бағдарлама
Міне, Ұлытаудың жастарына үміт сыйлаған игі бастаманың алғашқы жемісі де көріне бастады. Биылғы жылы жүзеге асқан «Ulytau zhastary» бағдарламасы жас буынның арманын ақиқатқа айналдырып, олардың өз шаңырағына қол жеткізуіне жол ашты.

Осы бағдарлама аясында қаламыздың белсенді жастарының бірі, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры балетмейстері Сая Кабдуллақызы Садыкова өз пәтерінің иегері атанды.
Бұл – тек бір жобаның нәтижесі емес, бұл – болашаққа деген сенімнің, елге деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Қаншама жастың жүрегінде жылдар бойы сақталған пәтерлі болу арманы бүгін шындыққа айналып отыр. Өз үйінің кілтін қолына алған әр жас – Ұлытаудың ертеңі, тәуелсіз елдің тірегі.
