Жаңа зауыт салынады

Сəтбаев қаласының аумағында теңіз контейнерлерін шығаратын жаңа зауыт салынатын болды, деп хабарлайды қала əкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, əлем бойынша теңіз контейнерлерін шығаратын мұндай зауыт төртеу екен. Енді бесінші зауыт біздің өңірде бой көтермек.

Экономиканы терең əртараптандыру монотəуелділіктен арылуға мүмкіндік берді. Осы мақсатта тамыз айында Stecol Corporation жəне «SIENA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңызды меморандумға қол қойылған болатын.
Күні кеше Сəтбаев қаласының əкімі Мұрат Бөрібаев «SIENA» ЖШС өкілдерімен кездесіп, болашақта бой көтеретін зауыттар орналасатын индустриалдық аймақта болды.
Асфальт-бетон зауыты, битум сақтауға арналған қоймадан бөлек, импортты алмастыратын жобалар қарастырылуда. Солардың бірі, зəкірлік жоба. Оның аясында қуаттылығы жылына 30 мыңға дейінгі теңіз контейнерлерін шығаратын зауыт салу. Мамандардың айтуынша, жаңа зауыт шығаратын теңіз контейнерлері Ақтау портындағы жүктерді тасымалдауға арналған контейнерлердегі қазіргі бар шығынды шамамен 7-10% жабатын болады.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.