Жаңа Ата Заңның преамбуласындағы құндылықтар, еліміздің халықаралық құқықтағы тұғырнамасын бекітеді – Жамаладен Ибрагимов

«Қазірдің өзінде біздің еліміз әлемде Орта Держава ретінде орын алып үлгерді. Жаңа Конституцияның преамбуласында белгіленген құндылықтар еліміздің басқа мемелекеттермен және көршілермен татуластығын көрсетпек»,- деді заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті конституциялық жəне азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов.