Жүрекжарды

«Өміріңде де, көңіліңде де орны бар, сырбаз сыйластықтың жібек жібі үзілмеген, қадіріңді біліп, бағаңды асырып отыратын жақсы аға туралы өткен шақпен әңгімелеп, сөйлемдерің «еді» болып аяқталып жатқаннан ауыр дүние жоқ екен. Кешегі сыйластық пен бүгінгі қимастық қанша нәзік болғанымен, жан-дүниеңді жанартауға айналдырып, жүрегіңді паршалап жатса…».

Ерсін МҰСАБЕК,

облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Бас редакторы,

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

***

«Тамырында Сыр бойының әйгілі сүлейі, атақты Тұрымбет жыраудың қаны бар талантты ақын Ибрагимнің қаламынан талай-талай жыр жинақтары жарыққа шығып, өз оқырмандарын тапқанына куә болдық. Жырлары оны халықтың, замандастарының құрметі мен сүйіспеншілігіне бөледі. Әттең, өмір өлшеулі, ғұмыр шіркін қысқа екен ғой».

Мұса ТІЛЕУОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.